Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрмысы нашар отбасыдан шыққан": Қостанай облысында 5 жасар қызды зорлаған жасөспірімдердің қалай жазаланатыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Нәсімжан Оспанова жақында Қостанай облысында бес жасар қызға зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Фото: pixabay.com

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы бұл істің әрі толық зерттеліп бітпегенін айтты. Жәбірленуші де, айыпталушылар да тұрмысы нашар отбасыдан шыққан. 

“Баланың анасы біздің облыстық балалар омбудсменімен байланыста. Біз мәселенің шешудің амалын табуға тырысып жатырмыз. Өйткені бұл жағдай барлығының жағасын ұстатты. Сондықтан оның жағдайын түсінуіміз керек және бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Кәмелетке толмаған айыпталушылардың ата-анасына келер болсақ, олар сөзсіз әкімшілік кодекс аясында жауапкершілікке тартылады”, – деді Нәсімжан Оспанова.

8, 12,13 жастағы балалар қазір кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

“Ерекше бақылауды қажет ететін отбасыдан шыққан құқық бұзушылардың жасы кішкентай. Олар қазір қиын жағдайға тап болғандықтан олардың ата-анасына бағыт-бағдар беріп, өзідеріне де көмектесу керек. Шамадан тыс ішімдік ішетін отбасылар да бар. Қылмыс жасаған үш жасөспірім осындай отбасылардың бірінен шыққан. Қазір олар облыстағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында”, – деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Оның айтуынша, балалардың жасаған қылмысын зерттеп, олардың өзімен жеке-жеке жұмыс істеу үшін оларды арнайы мектепке ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске салайық, Қостанайда үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деп айыпталған еді.  8, 12 және 13 жастағы жасөспірімдер жыныс мүшелерін қыздың аузына мәжбүрлі түрде салған. Кейін жасөспірімдерге қатысты істің материалдары сотқа жіберілген еді.

Талқылау