Тыр жалаңаш билеген Баян Нұрмышеваның ұлы желідегілерді күлдірді (видео)
Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның ұлы Назарәли желіде 20 мыңға жуық оқырманы бар нағыз жұлдыз! Дүниеге келісімен-ақ ата-анасы Назарәлиге арнап жеке парақша ашып қойған. Ерлан мен Баян ара-тұра ұлдарының қызықтарымен бөлісіп тұрады.
Фото: Назарәлидің желідегі парақшасынан алынды
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше Баян Нұрмышева Назарәлидің тыр жалаңаш күйде билеп тұрған видеосын жариялап, елді күлкіге қарық қылды.
“Назарәли бəрімізді алдына тұрғызып билеттіріп қойды (“Қалай, қалай” атты əніміз)”, – деп қалжыңдады Баян.
Ал желі оқырмандары бүлдіршіннің биін қызықтап тамашалады.
“Әкесі сияқты билейді екен”, “Биді жіберіп жатыр ғой, папасына ұқсап қалған-ау”, “Жаным сол, биді қарасай, қанында бар ғой, өнерлі жігіт”, “Тіл-көзден сақтасын”, “Үлкен азамат болсын”, – деп ақ тілектерін жаудырды желі оқырмандары.
Айта кетейік, жуырда жұлдызды жұп тағы да ұлды болды. Сәбиге Зейін деп ат қойылды. Сондай-ақ, Баян Нұрмышеваның алғашқы некесінен туған Ілияс есімді ұлы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Анасы: Қайрат адам тірі қалуы мүмкін емес жол апаттарынан аман шықты
Ернардың клипі 3 күнде миллион рет қаралып, Еркенің рекордын бұзды (видео)
Гүлзира Айдарбекова: Келінім мен немерелерімді жек көре алмаймын
Ақбота Сейтмағамбет енесінің екі келінге бірдей қарайтынын айтты