Тұман, дауыл, бұршақ: Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2 қыркүйек күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және тәңертең жекелеген аумақтарды тұман басады.
Солтүстік-батыстан 18 м/с екпінде жел соғады. 2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі.
Батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. 2 қыркүйек күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ болжанады.
Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 1-3 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында үсік жүретінін хабарлаған болатын.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды