"Түсінікті сөйлеу үшін": Бекшин брифингке маскасыз шықты
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин журналистермен болатын сенбідегі онлайн-брифингке маскасыз шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Брифингтің басында Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус ауруының өсуі байқалатынын айтты. Бас санитарлық дәрігер тұрғындарға карантин мен маска режимін сақтау туралы тағы бір рет ескертті.
"Біз маска режимін сақтау туралы айтып отырмыз. Мен бүгін аудиторияда жалғызбын. Алдыңғы күндері біз үш-төрт адам болдық. Түсінікті сөйлеу үшін мен бүгін маска кимеймін", – деп түсіндірді Бекшин.
Айта кетейік, бұған дейін бас санитарлық дәрігер брифингтерде маска киетін.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады