"Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысында қыста қосымша табыс табуға жұмысқа кетіп, кейін із-түссіз жоғалған 36 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото YK-news.kz
Риддердің 36 жастағы тұрғыны Рамиль Ғазизов желтоқсан айының соңында қаладан 50 шақырым жерде орналасқан учаскеге ақша табуға кеткен.
Азаматтың әпкесінің айтуынша, бұл учаскедегі орманға ағасы күзетші ретінде барған. Алайда, кейін ол жоғалып кеткен. Тек вагоннан оның заттары мен шашылған әйнек сынықтары табылған.
Жақында Рамильдің әпкесі оның денесі сол вагоннан шамамен жүз метр қашықтықта табылғанын хабарлады.
“Бірнеше күн бұрын түсіме Рамиль кіріп, өзін қайдан таба алатынымды көрсетті. Өрмелеп тұрып биіктегі шыршаға шықтым. Оның денесі сол жерде жатты. Біз оның киімін таныдық алайда әзірге сараптама нәтижелерін күтеміз”, – деді Рамильдің әпкесі.
Мұнай бағасы барреліне 200 долларға жетсе Қазақстанға пайда әкеле ме әлде қауіп пе
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"