Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның ашылуында өнер көрсетті (видео)

Әйгілі актер Тұрсынбек Қабатов қызы Айымның ЭКСПО көрмесінің ашылуында өнер көрсеткенін хабарлап, елден сүйінші сұрады.

айым турсынбеккызы 100617

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Менің екінші қызым Айым Тұрсынбекқызы осы кештің негізгі айнасы ретінде өнер көрсетеді. Баршаңызды бірге тамашалауға шақырамын.

Айым қызым үшін қатты қуанып отырмын. Əлемдік деңгейдегі көрменің ашылуына кіп-кішкентай болса да үлкен үлес қосып отыр. Елбасының жəне өзге де мемлекеттер басшыларының алдында өнер көрсетті. Алла шүкір. Қадамы құтты болсын”, – деп жазды Тұрсынбек желідегі парақшасында.

Желі оқырмандары Қабатовтар отбасын құттықтап, балаларының әрқашан биіктен көрінуін тіледі.

Жіберіп алмаңыз: 

Футболдан ӘЧ-2017: Қазақстан әртістері Сербия құрамасын жеңіп, финалға шықты (видео)

Қайрат Нұртас Ресей әртістерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті (видео)

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларға назын айтты

Аяғы ауыр Диана Шарапова жалаңаш күйде суретке түсті

Талқылау