Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы бар - СІМ
Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жалпы бүгінде Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр. Анкарада - 498, Ыстанбұлда – 45, Анталияда -189 адам. Соңғы мәлімет бойынша Түркияда 8219 қазақстандық студент білім алуда. Жалпы түрік тарапының мәліметінше, елде Қазақстанның 785 мыңға жуық азаматы болуы мүмкін", - деді Айбек Смадияров.
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны соңғы мәлімет бойынша 4 мыңнан асады. 20 мыңнан аса адам жарақат алған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған