Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 мыңнан асты
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 мыңнан асты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Daily Sabah басылымының мәліметінше, Түркия вице-президенті Фуат Октай президент Режеп Тайып Ердоған "ғасыр апаты" деп атаған табиғи апаттан қаза тапқандар саны 18 342-ге, жараланғандар саны 74 242-ге жеткенін айтты.
Бұған дейін 17 674 адам қаза тауып, 72 879 адам жараланған деп хабарланған болатын.
Сонымен қатар, көршілес Сирияда кем дегенде 3 377 адам қайтыс болды.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған