Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда төңкеріс жасауға әрекеттенді деп айыпталған Фетхуллах Гүлен көз жұмды

Түрік ақпарат құралдары 2016 жылы төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған "Хизмет" ұйымының мүшесі, діни қызметкер Фетхуллах Гүленнің қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нurriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ria.ru

БАҚ мәліметінше, Американың Пенсильвания штатында тұратын FETО (Фетхуллашы лаңкестік ұйым) ұйымының жетекшісі Фетхуллах Гүлен жексенбі күні кешке 83 жасында қайтыс болған. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейінгі кездері Гүленнің денсаулығы нашарлап кеткен. Бүйрек жеткіліксіздігі мен қант диабетімен қатар, ақыл-есі ауыса бастаған. 

Ол 1999 жылы Түркиядан АҚШ-қа кеткен, себебі президент Реджеп Ердоғанмен дауласып қалған. Бұған дейін олар жақын серіктестер болған. Гүлен "Хизмет" атты исламдық қоғамдық қозғалысты және 160 елде үлкен университеттер мен мектептер желісін құрған. АҚШ-та жүрген кезінде ол Түркия билігін сынап отырды. Түркия үкіметі "Хизметпен" күресуге кірісті.

Нәтижесінде, Ердоған "Хизметті" 2016 жылғы шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптады. Бұл қақтығыстарда 250-ден астам адам қаза тауып, екі мыңнан астам адам жарақат алды. 300-ден астам адам өмір бойы түрмеге қамалды. 150 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер, соның ішінде әскерилер жұмыстан шығарылды. АҚШ-та болған Гүлен төңкеріс әрекетіне айыпталды. Түркия билігі Гүленді экстрадициялауды талап етті.

Дегенмен Гүлен өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Талқылау