Түркияда тағы жер сілкінді
Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 балл қуатымен жаңа жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 5,1 балдық жер сілкінісі болды.
Оның эпицентрі Гексун ауданында 9 км тереңдікте болды.
Сонымен бірге бүгін Кахраманмараш провинциясына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келеді деп күтілуде.
Айта кетейік, Түркияда зілзала құрбандарының саны 6,2 мыңнан асты, тағы 37 011 адам жарақат алды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар