Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда қонақүйдегі өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті

Сейсенбі түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйде өрт шықты. Салдарынан қаза тапқандар саны қазір 76-ға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

Өрт 12 қабатты Гранд Картал қонақүйінде жергілікті уақыт бойынша 03:27-де басталған. Сол кезде қонақүйде 234 қонақ болды.

Болу губернаторы Абдулазиз Айдын қонақүйдің төртінші қабатындағы мейрамхана аймағында өрт шығып, жоғарғы қабаттарға тарағанын айтты. Қонақ үй Болудың орталығынан біршама қашықтықта орналасқан. Аязды ауа райы өрт сөндірушілер оқиға орнына жету үшін бір сағаттан астам уақыт жүрген.

Құтқару шаралары таңға дейін жалғасты.

Сондай-ақ екі адам қонақүй терезесінен секіріп кеткен екен. Кейбірі төсек жайғыштардан арқан жасап, терезеден түсіпті.

Шаңғы нұсқаушысы Нечми Кепчетутан түрік телеарнасына қонақүйді жақсы білетіндіктен құтқарылғанын, ал оның нысандарымен таныс емес қонақтардың жолы болмағанын айтты.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Әділет министрі Йылмаз Тунч тергеуге прокуратураның да қосылғанын айтты. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Түркиядағы қонақүйлердің бірінде өрт шығып, 66 адам көз жұмғаны айтылды. 

Талқылау