Түркияда 6,1 магнитудалық жер сілкінісі тіркеліп, ғимараттар қирады

Фото: Әлеуметтік желіден
Түркияның батысында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жергілікті БАҚ ғимарат қирағанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел президенті Режеп Тайып Ердоған төтенше қызметтерінің залал көлемін бағалап, зардап шеккен аймақтардағы жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді.
“Балыкесир провинциясының Сындыргы ауданында болған, көрші өңірлерде де сезілген жер сілкінісінен зардап шеккен барлық азаматтың тез сауығып кетуін тілеймін. Төтенше жағдайлар басқармасы және басқа да тиісті қызметтер оқиға орнында мұқият тексеру мен бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол жағдайдың мұқтият бақылауда екенін атап өтті.
БАҚ мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрінде орналасқан Балыкесир провинциясының Сындыргы қаласында бірнеше ғимарат қираған. Құрбандар туралы ақпарат түспеген.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген