Түркияда 5,6 балдық жер сілкінісі болды (видео)
Түркияның орталығындағы Токат провинциясында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Бұл туралы республиканың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:11-де тіркелкен. Әзірге жер сілкінісінің салдары туралы мәлімет жоқ.
Жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай елді мекенінің маңында 5 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі көршілес аудандарда, соның ішінде Самсун, Кайсери және Сивас қалаларында да сезілген.
Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында жауапты органдардың жер сілкінісі болған аумақты тексеруді бастағанын мәлімдеді.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады
Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтты (видео)
Күдіктілердің ең үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да