Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия палестиналықтарды қолдау үшін Израильға басып кіруге дайын – Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қажет болған жағдайда түрік әскерлері Израиль аумағына кіреді деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Interfax сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ердоған мәлімдеме жасап, палестиналықтарға жақтасу керек екенін айтты. 

"Израиль палестиналықтарды басынбас үшін біз өте күшті болуымыз керек. Қарабақ пен Ливиямен қалай әрекет етсек, Израильмен де солай істей аламыз”, – деді Ердоған.

Түркия ұлттық келісім үкіметінің күштеріне көмек көрсету үшін 2020 жылы Ливияға әскер жіберді. Сонымен қатар түрік әскерилері Таулы Қарабақтағы операциялары кезінде Әзірбайжан армиясына көмектесті.

Түркия Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін қолдамайды. Мамырда Ердоған Израильмен сауда-саттыққа шектеу қойғанын мәлімдеді. 

Түркия Израильге экспорттық шектеулер енгізгенін жариялады, цемент, болат, алюминий, темір құрылыс материалдары мен жабдықтарды қоса алғанда тауарлардың 54 санатына жатқызылды.

27 шілдеде Израильдің бақылауындағы Голан жоталарына зымыран шабуылы жасалып, 12 адам қаза тапты. Мерт болғандардың көбі – 10-20 жас аралығындағы балалар мен жастар, өйткені шабуыл Мадждал-Шамс қаласындағы футбол алаңында болды.

Талқылау