Түркия мемлекеттің беделін арттыру үшін халықаралық атауын өзгертті
Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркияның атауын барлық құжаттарда өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің айтуынша, өзгеріс түрік билігі өтініш берген күннен бастап күшіне енді.
"Republic of Turkey (Түрік республикасы) Republic of Türkiye атауына өзгертілді", – деді Дюжаррик.
Елдің қысқа атауы енді Türkiye болады. Бұған дейін Turkey болып келген. Стефан Дюжжариктің сөзінше, бұл мемлекеттің “халықаралық аренадағы абыройын арттыру” үшін жасалған.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен