Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия Қазақстаннан ет тасымалына қойған тыйымды алып тастады

Түркия Қазақстанның ет тасымалына қойған тыйымды алып тастады. Бұған дейін шектеулер құс тұмауы мен дерматит ауруының алдын алу үшін қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"7 маусымнан бастап қазақстандық өнімді Түркия нарығына жеткізуге кедергі болған бірқатар шектеулер алынды. Атап айтқанда, шектеулер 2005 жылдан бері құс тұмауына байланысты және 2016 және 2022 жылдардан бері қолданылып келе жатқан аусыл және нодулярлық дерматитке байланысты қолданылған", – делінген хабарламада.

Бұл мәселені наурыз айында түркі мемлекеттері ұйымының кеңесінде министр Айдарбек Сапаров көтерген еді. Сол кезде ол Қазақстан ет жеткізуге дайын екенін, бірақ Түркия нарығы біз үшін іс жүзінде жабық екенін жеткізді.



"Қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ілгерілетудің келесі кезеңі ветеринариялық талаптарды келісу болады. Бұл мәселелер биылғы тамызда Айдарбек Сапаровтың Түркияға барған сапары барысында талқыланатын тақырыптар тізіміне енеді", – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бүгінде Қазақстанның бірқатар өңірлері үшін қой мен ешкі шешегіне қатысты шектеулер әлі де бар.

Талқылау