Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны 1 миллион теңгені таксиге ұмытып кеткен

Түркістан қаласының полицейлері жоғалған 1 миллион теңгені тауып, иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полиция

Әйел Түркістан қаласында таксиге мінгенін айтады. Алайда діттеген орынға жеткен соң көлікте қомақты қаржы салынған сөмкесін ұмытып кеткен. 

"Бірден таксиден түскен жерге қайта келгеніммен, көлікті таппадым. Білетінім тек қана көліктің түсі және маркасы, ал оның мемлекеттік тіркеу нөмірі немесе байланыс телефонын білмедім. Көмек сұрау үшін жақын маңдағы полицейлеге бардым", – дейді қызылордалық әйел. 

Сөзінше, ақша табылмайды деген оймен іштей күдерін үзген. Алайда полиция қызметкерлері жедел шара қабылдап, 4 сағаттың ішінде жоғалған ақшаны тауып берген.                        

Тәртіп сақшылары жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы бірнеше сағат ішінде тұрғынның сөмкесі қалып кеткен көлікті тапқан. Жоғалған сөмке, ішіндегі барлық ақшасымен заңды иесіне қайтарылған. 

Полицейлері тұрғындарға бағалы заттарға, сөмке мен ұялы телефонға барынша сақ болуға кеңес береді.

Талқылау