Түркістандағы балабақшаның бірінде әйелдің баланы ұрып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Баланы ұрған әйелдің мекемеде аспаз болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба көпшіліктің ашуын туғызды.
“Бұл – Түркістандағы балабақша. Баланың балабақшаға барып жүргеніне бар-жоғы екі күн болған. Үйренісе қоймағаны анық. Бала жылаған шығар. Бірақ бұл оны ұрып-соғуға себеп емес. Аспаз әйел баланы соққыға жыққан. Онда балаға қарайтын тәрбиешілер мен күтушілер қайда қарап отыр”, – деп жазба қалдырды видео авторы.
- Атыраудағы балабақшада жарғанаттар табылды
- Атырауда балабақша қызметкерлері жұмыс орнын ішімдік ішетін жерге айналдырған
Басылым журналистері болған жағдайға қатысты Түркістан облысы әкімдігінен пікір білдіруді өтінді. Алайда әкімдіктегілерден әзірге жауап келген жоқ.
Бұған дейін Алматыдағы балабақша тәрбиеленушілері қатарластарын соққыға жыққаны туралы жазған едік.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"