Түркістанда қатты желден су жаңа театрдың төбесі ұшып кетті
Түркістандағы «Керуен Сарай» туристік кешеніндегі театрдың шатырын жел ұшырып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Театрдың видео әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Туристік аймақтың әкімшілігі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"23 сәуір күні ауа райының қолайсыздықтарына байланысты Karavansaray Turkestan кешеніндегі "Алтын Самрұқ" ғимаратына зиян келді. Олқылықтар тез арада анықталып, қажетті сақтық шаралары жүргізілді", - деп хабарлады кешеннің баспасөз қызметі.
Әкімшіліктегілер шатырдың бір күн ішінде қайта қалпына келтіріліп, қазір жұмыс жасап тұрғанын хабарлады.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Түркістанда "әлемде теңдесі жоқ бірегей театр" салынып жатқандығы туралы хабарлаған болатын. Ғимарат ұядағы самұрық құсының үлкен жұмыртқасы түрінде жасалған.
"Жұмыртқа түріндегі дәл осы ерекше театрда сіз жаңа технологияларды қолдана отырып таңғажайып саяхат жасай аласыз. Қонақтар 8D форматындағы ертегі еліне барып, қазақ халқының тарихына ене алады", - деп хабарланған. .
Керуен Сарай туристік кешенінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталды. Инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City жүзеге асырды. Ашылуы 2021 жылы сәуірде өтті.
Инвестициялық жобаның құны 87 миллиард теңгені құрайды.