Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түркістанда 5-ші сынып оқушысын сыныптастары ұрып өлтірген": Дәрігерлер медициналық сараптама нәтижесін айтты

Түркістанда 5-ші сынып оқушысының өліміне ауыр соққы себеп болуы мүмкін деген болжамға қатысты дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Полиция мектеп оқушыларынан түсінік алып жатыр. 10 жастағы баланың қазасына оқушылар арасындағы бопсалау, әлімжеттік себеп болды деген марқұмның ата-анасы әділдік талап етуде. 

Оқиғаға қатысты дәрігерлер түсінік берді. Олар қажетті зерттеулер жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасына өткізілгенін айтты.

“Өйткені ол соққыға жығылған соң, шамалы психомоторлы қозуы болған. Шошып оянып, психикалық белгілері болған. Бас мидың жабық травмасы, бас мидың соғылуы, ісінуі, ми стволының қысылуы, сөйтіп аспирациялық синдром деп бізде диагноз қойылып, сот-медициналық сараптамаға өткізілген”, – дейді Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары.

Мәселенің ақ-қарасын енді полиция анықтамақ. Құзырлылар тағайындалған сапартама қорытындысына сәйкес, заң шеңберінде шешім қабылданатынын хабарлады.  

Еске салсақ, Түркістанда мектеп оқушылары сыныптасын ұрып өлтірген. Туыстары оны ақша тауып бере алмағаны үшін сотқар сыныптасы мектептің дәретханасында ұрып-соққан дейді. Зардап шеккен бала бірнеше күн төсек тартып, ақыры ауруханада көз жұмған.

Талқылау