Түркістан облысының аудандары мен қалаларында Көрісу күніне орай челлендж өтті

Түркістан облысында 14 наурыз Көрісу күні мерекесіне орай барлық аудан-қалаларда арнайы челлендж өтті. Іс-шараның мақсаты - қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып болашақ ұрпаққа дәріптеу.
Шара барысында ақсақалдар мен ақжаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді.

Айта кетейік, биыл облыс көлемінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурызнаманың" он күндігі жоспары бекітілген. Осылайша мерекеге дейінгі әрбір күн арнайы атаумен аталып сол негізінде іс-шаралар ұйымдастырылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"