Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы сауда орындарының бірінде өрт шықты

Түркістан облысы Абай кентіндегі сауда ғимараты жанып кетті. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде таралуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

өрт
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, төтенше жағдай бүгін, 28 шілде күні Келес ауданы Абай ауылында орын алған.

Диспетчер пультіне таңғы сағат 10-да өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сөндіру қызметкерлері дереу оқиға орнына аттанды.

Нәтижесінде өрт түскі уақытта ауыздықталды. Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 25 адам және алты техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ведомствода атап өткендей, жеке ғимарат өртенді. Өрттің шығу себебі - электр сымдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті бұзу деп аталды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде.

Талқылау