Түркістан облысындағы сауда орындарының бірінде өрт шықты
Түркістан облысы Абай кентіндегі сауда ғимараты жанып кетті. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде таралуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, төтенше жағдай бүгін, 28 шілде күні Келес ауданы Абай ауылында орын алған.
Диспетчер пультіне таңғы сағат 10-да өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сөндіру қызметкерлері дереу оқиға орнына аттанды.
Нәтижесінде өрт түскі уақытта ауыздықталды. Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 25 адам және алты техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Ведомствода атап өткендей, жеке ғимарат өртенді. Өрттің шығу себебі - электр сымдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті бұзу деп аталды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген