AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жүк көлігін жүргізушілер мен ауыл тұрғындары жолға таласып, жаға жыртысты

Түркістан облысында тұрғындар мен жүк көлігінің жүргізушілері жолға бола жаға жыртысты. Карьерден тас таситын жиырмадан астам ауыр техника Ақбұлақ ауылының ішімен өтіп, жолды талқандап тастапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар ұзақ жыл күткен асфальт төселгелі ауылдың кіреберісіне блок- бекеттер қойып, тас тиелген көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Ал айналма жолды алыссынған жүргізушілер тұрғындармен төбелесіп, екі жақ күнде қырқысады.

Сайрам ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында 20-дан астам карьер бар. Одан тас таситын жүк көліктері жыл он екі ай күндіз-түні ауыл ішімен өтіп, жолдардың астаң-кестеңін шығарған. Биыл бюджеттен ақша бөлініп асфальт салынғалы тұрғындар ауыл сыртына ауыр көліктер жүрмес үшін бетон бөгеттер орнатып тастапты. Тіпті топ болып күзетуге кірісіп, 8 тоннадан артық жүгі бар көлікті кіргізбейтіні туралы баннер ілген.

"Бір мезетте кемі 5 бала. Қай уақытта келсеңіз, түнгі 3-те, таңғы 5-те келсеңіз де, балалар осы жерден табылады. Ауыл жастары бірігіп қалқан қойдық. Бір сағат тоқтамай, тәулікпен кезекшіліктеміз. Мақсат – ауыр жүк көліктерін ауылға кіргізбеу. Өздеріне арнайы айналма жол бар. Ол Ақсудың ішінде. Сол жолмен жүрсін", - деді Ақбұлақ ауылының тұрғыны Абылайхан Бақытжанұлы.

Жүк көліктері бағдаршамға да қарамай жүйткиді, дейді тұрғындар. Тіпті солардың бірі кішкентай баланы да қағып кеткен. Тұрғындар ауыр көліктердің жүруіне қарсы.

Ал тас таситын ауыр техника үшін ауыл сыртымен айналып өтетін айналма жол бар. Бірақ ол жолдың сапасы нашар. Үлкен жолға түскенше ұзақ уақыт кетеді екен.

"Біріншіден – уақыт. Екіншіден жүк көлігіміз тозды, сауыт-саймандары. Жол ауыр. Өтіп жүрген жолымыз. Жеті жылдан бері мен осы жолдан өтіп жүргем. Ауылдың ішімен бес-он минутта жүреміз. Арғы жақпен 40 минут жүреміз", - деді жүк көлігінің жүргізушісі Әбдірахман Имашев.

Бір жағында тұрғындар, екіншісінде жүргізушілер болып бөлінген қос тарап күн сайын жанжалдасады.

Бірі ауылмен "өтеміз", екіншісі "өткізбейміз" деп, қос тарап жаппай төбелесті. Жаға жыртысып жұдырық ала жүгіргендерді ауыл ақсақалдары әзер ажыратып алды.

Ауылда мұндай жағдайдың болып жатқанына үш аптадан асқанын әкімдік енді біліпті. Жол үшін жанжал шықты дегенді естіп, атқамінерлер де келген. Аудан әкімінің  орынбасары жүк көліктері айналма жолмен өту керек дейді. Алайда оның жабық тұрғанын білмейді екен. 

"Халықпен келістік. Қазір облыстық басқармамен аудандық жолаушылар көлігі и арнайы жұмысшы топпен кездесіп, мәселені оң жағынан шешуді қарастырамыз.Ауыл ішімен жүргізбей, мына айналма жолды ашып беру, айналма жолын ашу жолын қарастырамыз", - деді Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Убайдуллаев.

Ақбұлақ ауылында айға жуық қырқыстан бүгінге дейін бейхабармыз деген аудан билігі мәселені жылдамдатып шешеміз деп уәде берді. Енді жүк көліктері ауылға кірмей, өз жодымен жүруі тиіс. Бірақ шенеуніктердің сөзіне сенуден қалған ауыл тұрғындары мәселе түбегейлі шешілмейінше, блок-бекеттерді алмаймыз деп бекініп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр