Түркістан облысында жеті жасар қыз 25 литрлік темір бөшкеден шыға алмай қалған
Түркістан облысы Атакент ауыл аймағындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жеті жасар қыз 25 литрлік бидонның ішіне түсіп, қайта шыға алмай кептеліп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай қыз ересектердің қарауынсыз қалып, 25 литрлік бидонға түсіп, кейін өз бетінше шыға алмай қалған.
Баланың ата-анасы құтқарушылардан көмек сұрады. 15 минуттан кейін оқиға орнына ТЖД-нің төрт қызметкері мен бір техникасы келген.
Қызды құтқару үшін дәнекерлеу құрылғысын қолдану керек болды. Содан кейін бала бидоннан шығарылып, ата-анасына тапсырылды. Қызға дәрігерлердің көмегі қажет болмады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"