Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арасында 4 жасар қыз бар": Түркістан облысында суға кеткен 11 адам туралы тың ақпарат пайда болды

Кеше 21 тамыз күні Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде он бір адамның суға батып кеткені туралы хабарланған еді. Бүгін қаза болғандар туралы деректер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазіргі таңда 11 адамның 9-ның денесі табылды. Олар 1983 және 1998 жылғы ересек әйелдер. Қаза болғандардың ішінде 2006 және 2009 жылы туған ұл мен 2004, 2006, 2015, 2017, 2019 жылдары туған қыздар бар.  

Ал 2011 жылғы ұл мен 2013 жылы туған қыз баланың денесі әлі де іздестірілуде. 

Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы Отырар ауданы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің 11 адамы Сырдария өзеніне батып кеткен еді. Қазіргі таңда тоғыз адамның денесі табылды. Олар жол көпірінің жанында шомылу үшін белгіленбеген жерде батып кеткен.

Адамдарды іздеу үшін 144 адам, 16 бірлік техника, алты жүзу құралы және дрон жұмылдырылды. Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылған. Қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды. Суға кеткендердің барлығы 4 ағайындының отбасы мүшелері. Олар тыйым салынған жерге шомылуға барған.

Талқылау