Түркістан облысында сыныптастар үш баласымен жесір қалған әйелге үйдің кілтін сыйлады
Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицей мен Б.Садықов атындағы орта мектеп түлектері үш бала тәрбиелеп отырған марқұм сыныптасының жесіріне үйдің кілтін табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2000 жылы мектепті бітірген түлектер қайтыс болған сыныптасының отбасына 4 бөлмелі үй беруге шешім қабылдаған. Осы уақытқа дейін әйел тұрғын үйді жалға алып келген.
Қайырымдылық шарасы туралы естіген 2002 жылғы түлектер де 20 жылдық кештен бас тартып, жиналған қаржыны Рысқұлов ауылында үй сатып алуға жұмсаған.
Баспана кілтін тапсыру нағыз мерекеге айналды. Осылайша 2002 жылғы түлектер қайырымдылық эстафетасын 2003 жылғы түлектерге табыстады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты