Түркістан облысында перзентхана қызметкерлері әйелдерден ақша талап еткен
Түркістан облысындағы перинаталдық орталықтың қызметкерлері перзентханадан шығару үшін босанған әйелдерден ақша талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлімдеді.
Оның сөзінше, азамат 1414 call-орталығына жасырын қоңырау шалып, жағдайды баяндаған. Ақпаратты алған сыбайлас жемқорлықпен күресушілер фактіні тексеріп, бұзушылықты анықтады.
"Түркістан облысында ауруханадан шығарғаны үшін 1000 теңге көлемінде төлемді заңсыз белгілегені үшін перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі мен аға медбикесіне тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды. Тиісті профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Нұрлан Жақсымбетов.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"