Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған екі блогер ұсталды

Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған екі блогер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Түркістан облыстық прокуратурасының мәліметінше, полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі тұлға ұсталды.

“А. және Е. есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде қызметтік беделіне нұқсан келтіретін жазбаны өшіру үшін 100 000 теңге талап еткен”, – делінген хабарламада. 


Анасы жанымызда тұрса да көмекке келген жоқ": Қызылордалық қыз танысының зорлағанын, кейін интимді видеомен бопсалағанын айтты


Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынған. Прокуратура қылмыстық кодекстің талаптарына сәйкес өзге ақпараттардың жариялайбайтынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында колледж директорын интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған 35 жастағы әйелдің сотталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау