Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мәтінді ежіктеп оқыған мұғалімнің ісі: Мектеп директоры мәлімдеме жасады

Түркістан облысында мәтінді ежіктеп оқыған орыс тілі мұғалімі аудандық білім беру бөлімінің жолдамасымен жұмысқа қабылданған. Бұл туралы  Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылының №8 Садриддин Айни атындағы орта мектебінің директоры Гүлсара Хасанова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.  

Директор Гүлсара Хасанованың айтуынша, қазір жас педагог декреттік демалыста. Жақында ғана босанған. Директор мұғалім 2019 жылы сабақ бергеніні айтады. Алайда ата-аналар оның сөзін жоққа шығарды.

"Балалар қашықтан сабақ өткенде ол сабақты осылай түсіндірді. Естеріңізде болса, былтыр барлық мектептер жабық болды", - деді ата-ана.

Директор мұғалімнің мектепке қабылдауына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

"Ол тестілеуден өтті, содан кейін екінші тур – әңгімелесу болды, бұл біздің мектепте өтпеді. Маған ауданнан жолдамамен келді. Әрине, мен оны қабылдадым", - деп түсіндірді оқу орнының басшысы.

Бұған дейін аудандық қоғамдық даму бөлімінде мектеп мұғалімдері үшін барлық жауапкершілік директорларға жүктелетінін мәлімдеген.

Жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлер өтініш беріп, тестілеуден өтуі керек. Егер тестілеуден өтпеген болса, адам басқа уақытта келе алады. Егер тестілеуден өтсе, мұғаліммен әңгімелесу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша комиссия мүшелері шешім шығарады.

Аталған мектепте оқушылар қазақ және тәжік тілдерінде оқиды. Бұған дейін білім департаменті бұл оқу орнындағы бос орындар конкурсына ниет білдірушілер аз болғанын хабарлады.

Мектепте орыс тілі мұғалімінің бос орны туралы хабарландыруды 9 адам қарағанымен, тек бір үміткер өтініш берген.

Бірақ мектеп директоры кадр тапшылығы жоқ дейді.

Айта кетейік, мәтінді ежіктеп оқыған мұғалім жоғары білімі бар және орыс тілі, әдебиеті және педагогика пәндері бойынша мемлекеттік емтихандарды өте жақсы тапсырған.

Еске салайық, Түркістан облысында мәтінді ежіктеп оқыған ұстаз көптің талқысына түсті. Сарыағаш ауданының білім беру бөлімінде аталған жұмыс орнына тек бір адам ғана түйіндеме жібергендіктен ұстаз жұмысқа қабылданғанын айтты.

Талқылау