Түркістан облысында лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Түркістан облысында лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен, Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
“Лауазымды тұлға жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін 5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде. Қылмыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда”, – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді