Түркістан облысында қылмыстық топ заңсыз көші-қонмен айналысқан
Түркістан облысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмек көрсетумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Полицияның мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстаған.
“Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталады”, – делінген полиция хабарламасында.
Қытай мен ТМД елдері Қазақстанға көшіп келген мигранттар саны бойынша көш бастады
Сонымен қатар жоғарыда аталған жалған құжаттардың көмегімен Қазақстан шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылған.
Еске салсақ, бұған дейін ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топтарды ұстаған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады