Түркістан облысында ер адам жалған доллар жасап сатқан
Түркістан облысында жалған доллар сатқан ер адам ұсталды. Ресми мәліметке сәйкес, ер адам 9 300 доллар көлеміндегі ақшаны 100 долларлық банкнотпен сатып жатқан кезде қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 231-бабы, 2-бөлігінің 3-тармағы (Ірі мөлшерде жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған бап бойынша бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкi тәркiленеді.
Қаржы мониторингі агенттігі жалған ақша анықталған жағдайда +7 7172 708 478 нөміріне хабарласуға кеңес берді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған