Түркістан облысында ер адам зейнеткер әйелді тірідей өртеп жіберді
Түркістан облысында Шымкенттен небәрі 30 шақырым жердегі Сайрам ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам зейнеткер әйелді тірідей өртеп жіберді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, мұндай қатыгездікке баруына екі ер адамның жанжалдасуы себеп болған. Төбелесіп таяқ жеген ер адам ашуланып, өшін алу үшін бензин алып келген.
Терезені сындырып, аулада айқай салған. Сол сәтте үйден зейнеткер әйел аулаға шыққан. Ішімдік ішкен ер адам оған бензин шашып, өртеп жіберген.
Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті де ұсталды. Олардың біреуіне қатысты ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот шешімімен одан кепіл алынып, үйіне жіберілді.
Екіншісіне қатысты ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
"Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді Түркістан облысы полиция департаменті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"