Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 рет пышақ сұқты: Түркістан облысында ер адам үш жасар қызын зорлап, өлтіріп тастаған

Түркістан облысында ер адам үш жасар қызын зорлап, аса қатігездікпен өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

20 рет пышақ сұқты: Түркістан облысында ер адам үш жасар қызын зорлап, өлтіріп тастаған

Өткен жылы күзде орын алған оқиға бойынша Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша сотында Ордабасы ауданының тұрғынына қатысты іс қаралып жатыр. 6 қазан күні ішімдікке сылқия тойып алған 41 жастағы азамат 3 жасар қызын зорлап, 20 рет пышақ сұғып өлтірген. Артынша ол ештеңе болмағандай ұйқыға жатқан.

Қыздың анасы не істерін білмей, полицияға жүгінеді. Полиция қылмыскерді құрықтады.

Қазіргі таңда тергеу материалдарына сәйкес ер адамға екі мәрте медициналық-психатриялық сараптама жасалғаны белгілі болды. Алайда бұл тексерулер нәтижесін берген жоқ. Кешенді срапатама қылмыскердің дені сау екенін көрсеткен. Ал ер адамның өзі болса, ештеңенің есінде жоқ екенін айтып ақталды.

Сот жабық режимде өтіп жатқан көрінеді. Қазіргі таңда қылмыскердің үстінен ҚК 120- бабы, 4-бөлімі және 99-бабының бірнеше бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойғы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда.

Талқылау