Түркістан облысында ер адам досымен бірге әйелін зиратта зорлаған
Сарыағашта 47 және 42 жастағы екі ер адам әйелді жабылып зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Жәбірленген әйел зорлағандардың біреуінің әйелі екен. Яғни ер адам әйелін досымен бірге зорлапты.
47 жастағы ер адам үйіне пеш орнату үшін жұмысшылар жалдаған.
Жұмысшылар пеш орнатып жатқанда, ол досымен бірге ішімдік ішкен. Әйел жұмысшыларға шай-тамақ берген. Мас ер адам соған қызғанып, жұмысшыны ұрып-соғып, қуып шыққан. Ал әйелді зиратқа апарып жазаламақ болған.
Досы екеуі әйелді ұстарамен қорқытып, таңғы 5-ке дейін қорлаған.
Сотталушылар өздерінің не істеп жатқандарын түсінбегендерін, қатты мас болғандарын айтып, өз кінәларын жартылай мойындады. Әйел айыпталушыларға кешірім бермейтінін айтты.
Күйеуі басты зорлықшы ретінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Досы 9 жас 6 айға сотталды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"