Түркістан облысында бірнеше ауылды су басты
Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында су тасқыны салдары байқалуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Су басқан елді мекендерде жүзден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Арнайы құрылғылардың көмегімен қазірдің өзінде 2,5 мың текше метр көлеміндегі ондаған шаруашылықтан су сорылған.
Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылды. Толассыз жауған жауынның салдарынан облыстың оңтүстік өңірлеріндегі жер асты суларының деңгейі көтерілген. Салдарынан бірнеше ауыл жартылай су астында қалды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды