Түркістан облысында бір жасар бала даладағы дәретхана тесігіне түсіп кеткен
Түркістан облысында бір жасар бала даладағы дәретханаға құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Бүлдіршінді 10 жасар ағасы құтқарған.
Оқиға Түркістан облысының Қазығұрт ауданында болған. Анасы баланың жоқ екенін бірден сезген.
Баланы дәретхана тесігінен алып шығу үшін ата-анасы 10 жасар ұлының беліне қатты арқан байлап, оны тесікке түсірді. Ол бір жасар баланы көтеріп алды да, содан кейін екі баланы үлкендер шұңқырдан шығарды.
Төртінші сынып оқушысы ерлігі үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен марапатталды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр