Түркістан облысында банк қызметкері 47 тұрғынның атына несие рәсімдеген
Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Полицияның мәліметінше, Қазығұрт аудандық полициясына бір топ жергілікті тұрғын шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың атынан белгісіз біреу несие алған. Полиция бұл фактіні "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеді.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, белгілі болғандай, 31 жастағы ер адам банк қызметкері бола отырып, банк клиенттерінің құжаттарын пайдалана отырып, 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеген. Ер адам 47 адамды алдады деген күдікке ілінді, жалпы шығын көлемі шамамен 21 миллион теңгені құрады", – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар