Түркістан облысында алаяқ ер адамды алдап, атынан үш несие рәсімдеген
Түркістан облысында алаяқ жүргізуші куәлігін жасап беремін деген желеумен зардап шегушінің атынан үш несие рәсімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл тұрғыны бейтаныс адамның сөзіне сеніп, оған жеке куәлігінің көшірмесі мен 250 мың теңге ұстатқан.
Алайда ер адам уәде етілген құжатты сол күйі ала алмаған. Ол алаяқты күтпестен, бірден полицияға хабар берген. Аталған факті Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты.
Күдікті зардап шегушіден ақша алып қана қоймай, оның жеке куәлігін пайдаланып, бірден үш несие рәсімдепті. Ол жалпы 3 млн теңге көлемінде залал келтірген. Қазіргі уақытта күдікті қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты