Түркістан облысында ақылы жолдың бетон қабаты көтеріліп кетті
Түркістан облысында ақылы жолдың бетон қабаты көтеріліп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент-Ташкент бағытындағы ақылы жолдың бетон қабаты көтеріліп, жолаушыларға біршама қиындық тудырды. Сарапхана ауылының маңында болған жағдайды бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеген тұрғын көліктердің асты соғылып, дөңгелектері жарылып жатқанын айтады.
"Байқаңыздар! Көліктер аударылып, бір-бірімен соғысуға сәл-ақ қалып жатыр", - дейді бейнежазба авторы.
"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Түркістан облыстық филиалы жолда деформациялық жіктерді кесу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, келтірілген қолайсыздықтар үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған