Түркістан облысы "жасыл" аймаққа өтті
Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 19 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оған сәйкес, Қазақстан қалаларындағы эпидемиялық ахуалдың әлі де күрделі екенін көруге болады. "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7 337 адамнан коронавирус анықталды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 715 716.
Сондай-ақ Қазақстанда 18 тамызда коронавирус инфекциясы мен пневмониядан 139 адам көз жұмды. Оның ішінде коронавирустан 121 адам, пневмониядан 18 адам қайтыс болды.
Қазақстан өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз ете ала ма?: Ел неге дайын болуы керек
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды