Түркістан облысы мен Шымкент тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезді

Фото: depositphotos/vchalup2
Қазақстандық сейсмологтар Түркістан облысында 2 балл шамасында жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеген.
“Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2”, – делінген хабарламада.
Түркістан облысында есептік балл келесідей:
-
Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл,
-
Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл,
-
Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.
Кейінірек ТЖМ жер сілкінісі Шымкент қаласында да сезілгенін, оның күші 2 балл болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Ауғанстанда 6,3 магнитудалық жер сілкінісі болып, жеті адам қаза тапқаны туралы жазған едік.