Ауғанстанда 6,3 магнитудалық жер сілкінісі болды: Жеті адам қаза тапты

Фото: AP Photo /Wahidullah Kakar
Дүйсенбіге қараған түні Ауғанстанда болған жер сілкінісі салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 150 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жерасты дүмпуінің күші 5 баллға дейін жеткен.
“2025 жылы 3 наурызда Мәскеу уақытымен 23:29-де сағат Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болды. Тереңдігі – 30 шақырым. Эпицентрі – Саманған, Ауғанстан”, – деп мәлімдеді республиканың ТЖМ сейсмологиялық мониторинг орталығы.
Ведомство мәліметінше, жерасты дүмпулері Өзбекстан аумағында Сурхандария облысында – 5 балл, Қашқадария облысында – 3-4 балл, тағы бес өңірде – 3 балл, ал Ташкентте – 2-3 балл болып сезілген.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"