Түркіменстанда тәрбиешілер балаларға орыс тіліндегі мультфильм көрсеткені үшін жұмыстан қуылды
Түркіменстанда балабақшаның бірнеше тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Олардың жұмыстан шығаруға балаларға орыс тіліндегі мультфильмдерді көрсетуі себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарт агенттігі "Азаттық" радиосына сілтеме жасап хабарлады.

Түркіменстан астанасы Ашхабадтан Фарап, Данев және Дарғанат аймағындағы балабақшаларға инспекторлар келген: балаларға орыс тіліндегі мультфильмдер көрсетілгені белгілі болды. Бірнеше тәрбиешіні жұмыстан шығаруға осы жеткілікті болды. Балабақша басшылығы қатаң сөгіспен құтылды. Инспекторлар әкімшілікке "балабақша балаларына тек түрікмен тілінде мультфильм көрсетуге болады" деп ескерткен.
Ашхабадтан келген инспекторлар республиканың солтүстік-шығыс аймақтарындағы бастауыш сынып оқушыларына да осындай талаптар қойды. Тексерушілерге қате дәптер мен мектеп оқушыларының альбомдары ұнамады.
"Мұқабасында дәптер деген сөз орысша болса да, қолдануға болмайды", – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді