Түркіменстан президенті диджей болып, сауық кешін ұйымдастырды
Жаңа жыл күні Түркіменстан президенті Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов суық кешін ұйымдастырып, диджейлікті өз қолына алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның бұл ісі Youtube желісінде жарияланды.
Бір сағат бойы мелекет басшысы өлең қосып, жиналған жұртқа диджейліктің қыр-сырын түсіндіріпті. Ол өзінің тыңдармандарына диджей құрылғысы қалай жұмыс істейтіндігін, сэмпл деген екенін,әуенді қалай әсірелеп, оған қалай арнайы эффектілер қосу керектігін айтыпты.
Бұған қоса сауық кешіне жиналған әншілер приденттің ойнатқан әндеріне сүйемелдесіп тұрыпты. Бердімұхамедов кей кездері өзі де ән айтып, би билеген сыңайлы.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі