Турист видео үшін әлемдегі ең улы жануарлардың бірін қолына ұстады
Турист видео үшін білместікпен әлемдегі ең улы жануарлардың бірін — көк сақиналы сегізаяқты қолына ұстады. Ол бұл туралы TikTok парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

@Kaylinmarie21 лақап аты бар қыз Балиге саяхат кезінде кішкентай сегізаяқты қолына алғанын айтты.
Қыз осы түстегі сегізаяқтың улы екенін видеоны түсіргеннен кейін біраз уақыттан кейін білген. Ол интернетте көк сақиналы сегізаяқтарда бірнеше минут ішінде адамды өлтіруге жететін у бар екенін оқыды.
Бұл сегізаяқтар шақса, ауырмайды, сондықтан көбісі тұншығу, паралич және жүрек ұстамасы пайда болғанша байқамайды. Бұл ретте көк сақиналы сегізаяқтың уына қарсы дәрі әлі табылмағанын атап өту керек.
Бірнеше сағаттан кейін қыз әкесіне қоңырау шалып, оқиғаны айтып беріп, жылайды. Оның "Балиге барамын және білместікпен қолыма ең қауіпті жануарлардың бірін ұстаймын" атты видеосы 725 мыңнан астам лайк жинады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
