Турист көлігімен Алматы шатқалдарының бірінен ұшып кетті
Алматыдағы Бутаковский шатқалында жол талғамайтын көлікпен келе жатқан ер адам биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол оқиға орнында көз жұмған. «109» құтқару қызметі қайғылы оқиға өткен демалыста болғанын хабарлады.
"1999 жылы туылған жас жігіт Бутаковский шатқалының жанындағы биіктіктен арыққа құлап, апатқа ұшырады. Бес адамнан тұратын құтқару тобы ер адамның мәйітін тау шатқалынан екі шақырым жерден тапқан. Өкінішке орай, турист алған жарақаттар нәтижесінде көз жұмды. Жас жігіттің денесі туыстарына жеткізілді", - деп хабарлады 109 қызметі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар