Түрікменстан халқына деген құрметім үшін: Нұртас Адамбай шашының неліктен ағарғанын әзілмен түсіндірді
Актер, режиссер Нұртас Адамбай шашының неліктен тез арада ағарып кеткенін түсіндірді.

"Менің ағарған шашыма байланысты айтайын дегенім. Өмірде осындай жағдай болады. Ол үшін қатты алаңдаудың қажеті жоқ. Мен өмірде осындай жалғыз адам емес екеніме сенімдімін. Менің жекеме шығып, шашың ағарып кетіпті деп жазудың керегі жоқ.
Сіздер таңғалуларыңыз мүмкін, бірақ мен өзім де байқадым. Ал, не себепті шашымның тез арада ағарғанын айтайын. Бұған дейін мен шашымды бояп жүрдім. Кейін Түркіменстан президенті ерлердің шашын бояуға тыйым салған соң, мен де оларға деген құрметпен шашымды боямайтын болдым.
Білесіздер ме? Ішкі жандүниемде ешнәрсе өзгерген жоқ. Мені бұрынғыдай мейірімді, жақсы адаммын. Тек шаштың түсі ғана өзгерді. Мен үшін уайымдамаңыздар. Мен сол бұрынғы Нұртаспын", - деп жазды ол парақшасында.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек