Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрі қорқынышты, сұлу емес": Роза Рымбаева қандай қудалауға ұшырағанын айтты

Роза Рымбаева өзін сұлу әншілердің қатарына жатқызбайды. Халық әртісінің мұндай байламға келуіне өнердегі әріптесі себеп болған. Жас кезінде Рымбаеваға "түрі қорқынышты" деп баға берген Бари Алибасов әншінің бойында комплекс қалыптастырған көрінеді. Бұл туралы Рымбаева Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бари Алибасов деген белгілі музыкант бар. Сол екеуміз 1975 жылы Алматыда байқауға қатысып, мен жеңіп шыққанмын. Сонда Алибасовтың теледидардан сұхбат бергені бар. 

"Она такая страшная, некрасивая, колхозная, забитая-забитая была. Я ее еще опекал", – деді. Мені қайдағы тундрадан шыққан адамдай қылып қойды. Маған сондай баға берді. "Но когда она на сцену вышла, и запела, мы все заткнулись", – деді ғой. 

Сондықтан өзімді сұлулықтың эталоны деп есептемеймін. Өзімді бар күйімде жақсы көремін",  – дейді Рымбаева.



Одан бөлек, Халық әртісі өнерде жасандылықты ұнатпайтынын ашық айтты.

"Мен ешқашан жасанды болған емеспін. Қазіргі әртістер кірпікпен, тырнағымен өздерін керемет көрсеткісі келеді. Ол енді заман талабы шығар.

Тойларға барғанда қарапайым, орташа киінемін. Әртіс деген атың бар. Онда да халықпен бірдей болуға тырысамын. Ал сахнаға кейде жылтырақ, үлкен көйлектер киесің. Ол әннің образына байланысты. Мақсат көйлек көрсетуде емес", – деп түсіндірді Роза Қуанышқызы. 

Талқылау